20 Қаз 2022
О школе

Директор блогы

Директор блогына қош келдіңіз

Шахаров Аслан Беркимбаевич - 1981 жылы 1 қаңтарда Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы, Еңбек ауылында дүниеге келген.

 Аслан Беркимбаевич 2001 жылы Ж.Досмұхамедов атындағы Орал педагогикалық колледжінің бастауыш сынып мұғалімі мен 2006 жылы М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің Бейнелеу өнері және сызу пәндерінің мұғалімі мамандықтарын бітірді.

2001 жылдан бастап педагогикалық қызметін Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы орта мектебінің бастауыш класстардың мұғалімі болып бастады.

2003-2005 жылдыры «Шапағат» девианттық  мінез-құлықты балаларға арналған орта білім беретін мектеп-интернатында әр түрлі қызмет атқарды.

2005-2007 жылдыры Орал қаласының №1 орта жалпы білім беретін мектебінің әлеуметтік педагогы мен тәрбиешілік бойынша директорының орынбасары қызметін атқарды.

         2007-2009 жылдары Орал қаласының білім беру бөлімінің тәрбие жұмысының әдіскері болып жұмыс жасады.

     2009 – 2012 жылдары  Орал қаласының білім беру бөлімінің мектепке дейінгі, қосымша білім беру мен тәрбие жұмысы секторының бас маман қызметін атқарды.

      2012 жылдың шілде айынан 2015 жылдың қазан айына дейін Орал қаласы әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау, кадр жұмыстары және мемлекеттік қызмет көрсету мониторинг бөлімінің бас маманы мен бас инспекторы болып қызмет атқарды

         2016 жылдың қазан айынан бастап Круглоозерный жалпы орта білім беретін мектебінің директоры болып тағайындалды. 

         2022 жылдың 22 сәуір айынан бастап «№18 мектеп-бөбекжай балабақша кешенінің» директоры қызметіне тағайындалды.

Аслан Шахаров бұған дейін Орал қаласы әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау жұмыстары және мемлекеттік қызмет көрсету мониторинг бөлімінің басшысы – қала әкімі аппараты басшысының орынбасары қызметін атқарды.

Smart Bilim - порталдың мобильді қосымшасы
Әсіресе, ата-аналар үшін Smart Bilim мобильді қосымшасы үйден шықпай-ақ қажетті және қажетті ақпаратқа қол жеткізуге, нақты уақытта сұрақтар қоюға және кері байланыс алуға мүмкіндік береді.