2021 жылдың 10 қыркүйек күні 18 МББК ұстаздары мен қалалық маслихаттың депутаты С.Х.Мухамбеталиевпен кездесу ұйымдастырылды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Халық бірлігі және сапалы білім алуына үлкен көңіл бөлуде, сол бағытта ұстаздармен сухбаттасты.
Еліміздің болашақ өркендеуі білікті маман болған жастарға байланысты екенін айтып өтті.
Сонымен қатар елімізде жаппай жүріп жатқан коронавирус инфекциясына байланысты екпеден бас тартпауға , әлеуметтік желілердегі керітартпа ақпараттарға ілеспей, екпенің тиімді әрі қауіпсіз екеніне тоқталды.
Кездесу барысында ұстаздар тарапынан туындаған сұрақтарға жауап берді. Жаңадан салынып жаткан 18 мектептің құрылыс нысандарымен танысты.